Батыс Қазақстан облысы бойынша мешіт имамдарының кәсіби біліктілігін арттыру, білімін жетілдіру және алдағы аттестацияға дайындығын пысықтау мақсатында оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында имамдардың аттестациядан өту тәртібі, емтихан барысында назар аударылатын негізгі бағыттар мен діни білім деңгейін жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар имамдардың күнделікті қызметінде қажетті әдістемелік тәсілдер, жамағатпен жұмыс жүргізу, уағыз-насихаттың мазмұны мен сапасын арттыру мәселелері қозғалды.
Жиын барысында қатысушыларға діни-ағартушылық бағыттағы өзекті тақырыптар бойынша дәрістер оқылып, тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді. Имамдар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, білікті мамандардан жауап алды.
Семинар соңында имамдардың алдағы аттестацияға жүйелі түрде дайындалуы, діни білімін тұрақты жетілдіруі және халыққа сапалы қызмет көрсетуі қажеттігі атап өтілді.
Оқу-әдістемелік семинар — имамдардың кәсіби деңгейін көтеріп, діни қызметтің сапасын арттыруға бағытталған маңызды басқосу болды.






