Қала мешіттері арасында сира ілімінен білім сайысы өтті

10 қыркүйек күні «Қуанай хазірет» мешітінде қала мешіттері жамағаттары арасында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өмір жолын насихаттауға арналған сира сайысы өтті.

Рухани әрі танымдық бағытта ұйымдастырылған сайыста қатысушылар Пайғамбарымыздың ﷺ өмірбаяны мен өнегелі ғұмырына қатысты сұрақтарға жауап беріп, діни білімдері мен ой ұшқырлықтарын ортаға салды. Сонымен қатар фиқһ, ақида, ұлттық дәстүр және логикалық бағыттағы сұрақтар қамтылып, командалар өзара бақ сынасты.

Шараның негізгі мақсаты – жамағаттың діни сауатын арттыру, Алла Елшісінің ﷺ көркем мінезі мен ғибратты ғұмырын тереңірек таныту, сондай-ақ қала мешіттері арасындағы ынтымақ пен бауырластықты нығайту.

Сайыс тартысты әрі әсерлі өтіп, үздік нәтиже көрсеткен командалар жүлделі орындарға ие болып, арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Шара соңында қатысушыларға ризашылық білдіріліп, Пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі өмір жолын танып-білу әрбір мұсылман үшін маңызды екені айтылды.