«Қуанай хазірет» мешітінің аумағына асфальт төселді

Орал қаласындағы «Қуанай хазірет» мешітінің аумағын абаттандыру жұмыстары аясында асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.

Аталған жұмыстар мешіт аумағын көркейту, жамағатқа қолайлы жағдай жасау және келушілердің жүріп-тұруына ыңғайлы орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылды.

Мешіт аумағын абаттандыруға атсалысып, игі іске қолдау білдірген облыс және қала әкімдіктеріне, сондай-ақ бардюр мен цемент жұмыстарына демеушілік жасаған кәсіпкер бауырларымызға және мешітке әрдайым жанашырлық танытып, қолдау көрсетіп жүрген барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Алла Тағала ел игілігі үшін жасаған жақсылықтарыңызды қабыл етіп, баршаңызға разы болсын! Әмин!