ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІСТІҢ БАСТАУЫ!

Қайырымдылық айына орай Отбасын қолдау орталығында игі шара ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу, көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету және қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру.

Қайырымдылық – тек материалдық көмек көрсету ғана емес, ол – адамға үміт сыйлау, жүректерге жылулық ұялату.

«Жақсылық жасасаң, өзің үшін жасайсың» (Исра сүресі, 7-аят).

Алла Тағала жасалған әрбір игі амалды қабыл етіп, қайырымды жандардың жақсылығын еселеп қайтарсын!