«Қуанай хазірет» мешітінде «Берекелі шаңырақ – адал қоғам негізі» тақырыбында жамағатқа арналған рухани-танымдық кездесу өтті.
Кездесу барысында отбасы құндылығы, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен жауапкершілік, бала тәрбиесі, шаңырақтың берекесін сақтау және қоғамдағы отбасының орны жайында тағылымды насихат айтылды.
Сонымен қатар, берік отбасы – қоғам тұрақтылығының негізі екені сөз болып, отбасында мейірім мен өзара түсіністікті қалыптастырудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Тағылымды кездесуге ерлер және әйелдер жамағаты қатысып, отбасылық құндылықтарға қатысты пайдалы кеңестер алды.





