25 қазан – Республика күніне орай Орал қаласындағы «Қуанай хазірет» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж отбасыларға қысқы киім-кешектер таратылып, қолдау көрсетілді.
Қайырымдылық шарасының басты мақсаты – мұқтаж жандарға қамқорлық таныту, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ ел ішіндегі бірлік пен өзара көмек дәстүрін нығайту.
Шара соңында көмек алған азаматтар игі іске ұйытқы болған мешіт қызметкерлері мен қайырымды жандарға ризашылықтарын білдірді.








