Бас мүфти кеңесшісі Смайл Сейтбеков жамағатпен кездесті

11 қыркүйек күні «Қуанай хазірет» мешітінде белгілі дінтанушы, ұстаз Смайл  Сүйерқұлұлы жамағатпен кездесіп, құптан намазының алдында тағылымды уағыз-насихат айтты.

Кездесу барысында ұстаз антқа адалдық, уәдеге беріктік және мұсылманның жауапкершілігі тақырыптарына кеңінен тоқталды. Адам баласының берген сөзіне берік болуы, аманатқа қиянат жасамауы және қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтаудың маңызы жөнінде насихат айтылды.

Тағылымды кездесуге 100-ге жуық жамағат қатысты. Жиын барысында дәстүрлі діни құндылықтарды ұстану, өзара сыйластық пен ауызбіршілікті нығайту мәселелері де сөз болды.

Кездесу соңында жамағат айтылған насихаттан рухани тағылым алып, елдің тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.