БҚО: Әйел жамағаты арасында волейболдан жарыс өтті

Зашаған кенті, «Қуанай хазірет» мешітінің ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты арасында волейболдан  турнир  өтті.

Орал қаласында орналасқан мешіттердің әйел-қыздар жамағаты арасында бірлік пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Волейбол – күш, бірлік, денсаулық» атты спорттық турнир ұйымдастырылды.

Тартысқа толы өткен жарыста қатысушылар өзара ынтымақ пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Әр команда жоғары дайындықпен өнер көрсетіп, ойын барысында достық пен сыйластықты басты орынға қойды.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен түрлі номинация иегерлері арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Осындай игі шаралар жамағат арасындағы бауырмалдықты нығайтып, денсаулықты сақтауға және белсенді өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосады.

Алла Тағала барша қатысушыларға екі дүниенің игілігін нәсіп етіп, бірлігімізді бекем етсін!