Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Қанатқалиұлы Бөрлі ауданына арнайы іс-сапармен барып, жергілікті жамағат арасында ұйымдастырылған білім сайысына қатысты. Рухани-танымдық бағыттағы бұл сайысқа қатысушылар өз білімдерін сынап, діни сауаттарын арттыруға мүмкіндік алды.
Сайыс барысында бас имам қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай игі шаралардың қоғамда имандылық пен білімділікті насихаттауда маңызы зор екенін атап өтті. Тартысты өткен дода қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.
Шара соңында бас имам жамағатқа алғысын білдіріп, ел бірлігі мен рухани дамуға бағытталған бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.





