БҚО-да діни-рухани іс-шаралар жалғасуда

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр – Ғасыр»  мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Жексенбай Торбаев Батыс Қазақстан облысына іссапармен келді.

15 сәуір күні БҚО имамдарына арналған семинар өтіп, онда «Уағыз айту әдебі» тақырыбы кеңінен талқыланды. Семинар барысында уағыз айтудағы жауапкершілік, тыңдаушыға әсер ету жолдары және дін қызметкерінің әдебі жөнінде маңызды ойлар айтылды.

Бұдан бөлек, РАНТ мүшесі «Орал» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесіп, олардың көкейіндегі сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында ілім алу, ұстазға құрмет және дін жолындағы тұрақтылық мәселелері қозғалды.

Кейін Зашаған кентінде орналасқан «Қуанай хазірет» мешітінде жамағатқа насихат айтып, рухани тақырыпта уағыз жүргізді.

16 сәуір күні Жексенбай Торбаев БҚО бойынша ҚАЖД-ның №27 мекемесіне арнайы барып, 35 сотталған азаматпен топтық кездесу өткізді. Кездесу барысында діннің дұрыс түсінігі, қоғамға қайта бейімделу және рухани тәрбие мәселелері түсіндірілді.

Сапар барысында ол Орал қаласындағы «Ар-Рахман» мешітінде жұма уағызын жүргізіп, «Тазалық» тақырыбында тағылымды насихат айтты.