ҚАДІР ТҮНІ: БҚО мешіттерінде 10 мыңға жуық жамағат Қадір түніне жиналды

Қасиетті Қадір түні қарсаңында Батыс Қазақстан облысындағы мешіттерде жамағат көп жиналып, берекелі түнді құлшылықпен өткізді. Өңір бойынша мешіттерге келген жамағаттың саны 10 мыңға жуықтады.

Бұл түні мұсылмандар Құран Кәрім оқып, дұға жасап, нәпіл намаздар орындап, Алладан кешірім тіледі. Сонымен қатар мешіттерде жамағатпен бірге тарауих намаздары оқылып, Құран хатым дұғалары жасалды.

Берекелі кеш барысында жамағат ел амандығын, жұрт тыныштығын тілеп, ізгі дұғалар жасады.