БҚО: Рамазан сыйы табысталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен Батыс Қазақстан облысы мешіттерінде қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан сыйы» атты кең көлемді қайырымдылық шарасы ұйымдастырылуда.

Аталған игі бастама – мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған жандарға азық-түлік тарату, жалғызбасты қарттар мен көпбалалы отбасыларға жанашырлық таныту мақсатында жүзеге асырылуда.

Рамазан – мейірім мен кешірім айы. Осы қасиетті айда жасалған әрбір садақа мен қайырымды іс – сауаптың еселенуіне себеп. «Рамазан сыйы» аясында облыстың қала және аудан мешіттері бірлесе отырып, жамағат пен демеушілердің қолдауымен көптеген отбасыларға азық-түлік себеттері мен қажетті тұрмыстық көмектер жеткізуде.