ҚМДБ Әйел-қыздар секторының БҚО өкілдігіне қарасты мешіт ұстаздарының ұйымдастыруымен, Рамазан айы қарсаңында әйел жамағатына ауызашар дастарханы жайылды
Шараны ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат Қанатқалиұлы ашып, сөз сөйледі.
Сонымен қатар игі іс-шара С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті Манасова Данагүлдің қасиетті Құран аяттарын оқуымен басталды. Рухани кешті ҚМДБ Әйел-қыздар секторының БҚО өкілдігі бойынша жауапты маманы Жания Бақытқызы жүргізді. Шара барысында БҚО өкілдігіне қарасты мешіт ұстаздары жамағатқа таныстырылып, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Бұдан бөлек қатысушылар төрт топқа бөлініп, викториналық сұрақтар арқылы білім сайысына қатысып, сергіту ойындарын ойнады. Мешіт қызметіне белсене араласып жүрген шәкірттер мен мешіт қызметкерлеріне де алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді. Кеш соңында ақ жаулықты әжелер қыз-келіншектерге батасын беріп, дұға жасады.








