Ар-намыстың айнасы иман

Ар мен ұят – асыл дініміздің негізгі құндылықтарының бірі. Адам дініне қаншалықты берік болса, ары мен ұяты соншалықты жоғары болады. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

 «Расында, әрбір діннің өзіне тән мінезі бар. Исламның мінезі – ұят», – деп айтуы сондықтан (имам Ибн Мәжә). . Ұят дегеніміз – адам бойындағы адамгершілікке жат, жаман қылықты, істі өз мойнына алып, өзіңді-өзің сөгу, өзіңе-өзің ұрсу, өзіңді-өзің дұрыс, әділ, адал жолға салу. «Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде айтыпты: «мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген.

 Ұят өзі қандай нәрсе? Ұяттан адамның жүзі қызарып кетеді. Неге? Өйткені Алланың күнә іске қарасы  Ұят иммунитеті, энергиялық қуаты бар . Яғни,  Ар, Ұят, Намыс деген ұғымдар адам өзінің ары алдында жүгінген кезде түйсігімен түсінетін киелі ұғымдар екенін, әр адам өзіне-өзі жауапты екенін аңғарта айқындай, түсіндіре келіп: «Осы да есеп бола ма, Ар, абұйыр тапқанға? Миың болса жолама Бос желігіп шапқанға…», «Абиыр қайда, ар қайда? Өз басыңа не пайда?…», Адамды адам етіп тұрған Ар екендігін, тіпті, өлім төніп тұрса да Ар сатуға болмайтындығын, халық санасында «өлімнен ұят күштіні» терең ,түсінігінде әр адамның ең үлкен күнәсі, міні, өзінің өзара алдында жасаған рухани қылмысы – арын сату, арсыздыққа салыну, ұяттан безу.       «Ант ішіп күнде берген жаны құрсын,» «Арын сатып тіленген малы құрсын »Абай атамыздың айтқан салмақты ойларының түпкі төркіні адамды ар-намыспен ғана рухани байытуға болатынын көздейді. Алла Тағала Құран Кәрімде ар-намыс туралы көптеген аяттар келтірген. Арлы адам ғана Алланың рақымына бөлене алатынын көреміз аяттарды оқи отырып.                                

Алла Тағала Қасиетті Құранда:  «Арсыздықтың жариясына да, жасырынына да жақындамаңдар», – деп бұйырған («Әнғам» сүресі, 151-аят). Бұл аятқа қатысты тәпсірде: «Жәһилет дәуірінде адамдар арсыз істі жасырын, адамдарға көрсетпей істеуді рұқсат деп түсінетін. Осы аятты түсіру арқылы Алла Тағала арсыздықты жасырын да, жария да жасаудың арам екендігін баяндады», – делінген. Арлы адам – алдымен, Құдайына қараған, Құдай мақұлдамайтын іске бармайтын жан. Ар – әр адамның өз ісінің төрешісі», –Нұр» сүресінің 19-аятында Алла Тағала: «Иман келтіргендердің арасында жамандықтың, ұятсыздықтың таралуын қалағандар және ұнатқандар үшін дүниеде де, ақиретте де қайғылы азап бар» деген. Бойдағы нәпсі арсыз әрекеттерге бой алдырады. Соңғы уақытта батысқа еліктеушілік қазақ жастарының бойындағы ұятты шетке ысырып қоюына алып баруда. Тәуелсіздіктің таңы атып тұрғанда Ислам дініміз  қанатын кеңге жайған діннің бір шетінен ұстап, жүрекке иман ұялатып, ар, ұятты сақтап қалу парыз .Алла Тағала Құран кәрімнің бірқатар жерінде ар-намысын сақтай алған адамға үлкен марапаттар беретінін уәде еткен. Ал ар-намысын сақтамайтын,  адамға жаһаннам азабын білдірген. Мүминдердің сипаттары туралы айтқанда да былай деген: «Мүминдер намаздарын хушумен (ықыласпен) оқиды. Бос, қажетсіз нәрселерден аулақ болады. Зекеттерін береді. Ұятты жерлерін сақтайды. Аманаттарын қорғайды және уәделерінде тұрады.» (Муминун 1-8) Ислам – көркем мінез діні. Көркем мінезге ие болған адам өзге адамдар арасында қадірлі болып қана қоймай, екі дүние бақытына қол жеткізеді.  Алла Тағала бойымызға көркем мінез, істерімізге ізгілік нәсіп етсін ендеше .

Жәнібек аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы, Есенболат  Абдуғалиев