Қасиетті Құрбай айт мерекесіне орай, ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен БҚО-ның орталық коммуникациялар қызметі орталығында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-конференция болып өтті.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Сабыралиев Ақжайық жұртын келе жатқан «Құрбан» айт мерекесімен құттықтап, Орал орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Абдрахманов «Құрбан» айттың маңыздылығына тоқталды.
Бақытжан Құралбайұлының айтуынша, осы орындарда арнайы киім киген қасапшылар бекітілді. Олар оқытудан өткізіліп, бағаны барынша көтермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Малды «Ел ырысы» базарында, «Батыс адал ет» және «Кублей» ЖШС-да шалуға болады. Сонымен қатар малды жеке үйлердің ауласында да союға болады. Мал сою орындарында арнайы киімі жоқ қасапшылардың қателігіне имамдар жауап бермейді. «Құрбан айт намазы 9 шілде күні жергілікті уақыт 06.30-да оқылады. Сағат 07.00-ден бастап құрбан шала беруге болады. Құрбандыққа шалған малдың бір бөлігін отбасына қалдырып, енді бір бөлігін көрші-көлем, жақын-жуықтарға, тағы бір бөлігін мұқтаждарға беруге болады. Мұқтаждар мешіттерге келіп, сондай-ақ арнайы сайт арқылы тіркеліп жатыр. Мешіттерде арнайы бекітілген мамандар болады. Етті соларға жеткізсе, мұқтаждарға үлестіріп береді», деді бас имам.
Құрбан шалу онлайн және офлайн форматта жүргізіледі. Сонымен қатар ҚМДБ-нан «QURBAN2022.KZ» сайты іске қосылғанын, қажетті анықтамаларды осы сайттан алуға болатындығын жеткізді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі