БҚО мешіттерінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жолында жанын қиған боздақтардың рухына арналып бірнеше Құран Хатым дұғасы бағышталды. Игі шара еліміздің егемендігі мен тұтастығы үшін күрескен ерлердің рухына тағзым ету, олардың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылды.
Жамағатпен бірге оқылған Құран аяттарының сауабы Отан үшін жанын пида еткен азаматтардың рухына бағышталып, имамдарымыз Алладан ел амандығы мен жұрт тыныштығын, бірлік пен береке тілеп, тәуелсіздігіміздің мәңгі болуын сұрады.
Аталған рухани шара аймақ мешіттерінде Тәуелсіздік күніне орай өткізіліп, жергілікті жамағаттың қатысуымен өтті.






