Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты және Батыс Қазақстан өңіріндегі жалпы 53 дін қызметкері кезекті аттестаттаудан өтті.
Аттестаттау екі бөлімнен тұрды: компьютерлік тест және ауызша сұрақ-жауап. Тест сұрақтары ақида, фиқһ, ислам тарихы және Қазақстан Республикасының заңнамасы бағыттарын қамтыды. Ал ауызша сұрақ-жауап бөлімінде құран, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр сабақтастығы, сондай-ақ ҚМДБ-ның концептуалды құжаттары бойынша аттестациядан өтті.
Шараның басында аттестаттауға қатысушыларға ереже мен талаптар түсіндірілді. Арнайы мүфтияттан барған ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы, ҚМДБ «Дін істері және талдау» бөлімінің меңгерушісі Асан Абдиқұлұлы, ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Берденұлы аттестаттаудың мақсаты мен маңызына тоқталып, дін қызметкерлеріне сәттілік тіледі.






