ҚМДБ Ғұламалар кеңесі мен РАНТ мүшесі, «Балаби қари» Құран жаттау орталығының директоры Арман Қуанышбаев Оралдық жамағатпен кездесті. Облыстық орталық «Ар — Рахман» мешітінде жамағатпен жүздесу барысында РАНТ мүшесі шынайы мұсылманның өмірі оның мінез-құлқы,көркем мінез жайлы,мұсылман адамның келбеті деп танылатын, оның өмірлік негізгі ұстанымы болатын ізгі амалдарды атап өтті.
Сондай-ақ исламтанушы, теолог, танымал ұстаз Арман Баймаханұлымен Жастар мәдениет сарайында «Әдепті қоғам – парасатты ұлттың бейнесі» атты рухани кездесу өтті. Шараға келген жамағат ұстаздың насихатынан ерекше әсер алып, рухани серпіліс алғандарын жеткізді. Рухани тәрбие, әдеп, имандылық туралы айтылған насихат көптің көңіліне медеу болды. Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар маңызды мағлұматтар мен әсерлі кеңестер алды.



