Жаңа оқу жылы қарсаңында жас өрендердің қуанышын еселеу мақсатында бүгінгі күні «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен, орталық «Ар-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен үлкен игі шара өтті.
200-ге жуық бүлдіршінге сөмке, дәптер, қаламсап және басқа да қажетті мектеп құралдары табысталды. Бұл бастама – балалардың қуанышына себеп болып қана қоймай, олардың білімге деген ынтасын арттыруға бағытталған.
Бұл ізгі іс жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Қайырымды жандардың қолдауымен қаншама бала мектепке шат көңілмен қадам басуда.
Алла Тағала бұл қайырымдылықты жасаған барша жаннан разы болып, сауаптан жазғай!



