Көшпелі уағыз керуені: Бұлдырты ауылындағы жүздесу

Көшпелі уағыз керуені жобасы аясында Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Қанатқалиұлы Сырым ауданы, Бұлдырты ауылында жамағатпен жүздесті. Кездесуде имандылық, бірлік және діни сауаттылық тақырыптары қамтылып, жамағатпен рухани сұхбат өтті.

Алдағы уақытта аталмыш жоба аясында тәжірибелі имам-ұстаздар ауыл-аймақтарды аралап, жұртшылықпен кездесуді жалғастыратын болады. Бұл — ел ішіндегі рухани тіршілікті жандандыруға бағытталған маңызды бастама.