VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЗАНШЫЛАР ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен
Республикалық азаншылар жарысында
Батыс Қазақстан облыстық «Ар-Рахман» мешітінің азаншысы
Асхат Асылбекұлы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орын иеленді.

Бұл жетістік – өңіріміздің діни қызметі мен рухани бағыттағы жұмыстарының нәтижелі жүріп жатқанын білдіреді. Асхат Асылбекұлының Құран мен сүннетке сай орындаған көркем азаны, дініміздің үнін әсем жеткізу жолындағы кәсіби біліктілігі мен шеберлігін дәлелдеді.

ҚМДБ БҚО бойынша өкілдігі атынан қатысқан Асхат Асылбекұлын шын жүректен құттықтай отырып, оның алдағы уақытта да дін мен елге адал қызмет етіп, шығармашылық әрі рухани дамуға жетуіне тілектестік білдіреміз.

Алла Тағала еңбегін еселеп, көркем үнін халықтың игілігіне арнай бергей!