Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «Әдемі әуезді азаншы» VI республикалық азаншылар жарысы «Әнет баба» мешітінде өтіп жатыр.
Еліміздің әр облысы мен ірі қалаларынан 20 азаншы бақ сынайтын бәсекеге ҚМДБ Төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері мен аудан-қала имамдары қатысуда.
Елімізде осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отырған сайысты көрермендер «MUFTYAT» YouTube арнасы арқылы тікелей эфирде онлайн режимде тамашалауға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, бүгінгі азаншылар сайысына ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Серік Ахмет, «Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығының директоры Садуақас Олжабаев, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан, Алматы қаласы Медеу ауданының бас имамы, Құран ұстазы Данияр Жұмабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Мұсайын Сержан Таранұлы төрағалық етеді.
Қарағанды қаласында өтетін VI республикалық «Әдемі әуезді азаншы» сайысына БҚО өкілдігі атынан орталық «Ар – Рахман» мешітінің азаншысы Асхат Асылбекұлы қатыспақшы.



