БҚО: «Имани жаз – 2025» жазғы діни сауат ашу курсы басталды

ҚМДБ БҚО өңіріне қарасты барлық қала, аудан, ауыл мешіттері жылдағы дәстүр бойынша балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсының жұмысын бастады. 

«Имани жаз — 2025» атты діни сауат ашу курсының басталуы балалар мен жасөспірімдер үшін өте маңызды әрі рухани мағынасы терең бастама. Мұндай курстарда оқушылар:

  • Ислам дінінің негіздерін (иман, намаз, ораза, т.б.);
  • Құран әліппесін оқып үйренуді;
  • Пайғамбарлар өмірі мен әдеп-ахлақ сабақтарын;
  • Дін мен ұлттық салт-дәстүр сабақтастығын үйрене алады.

Алғаш рет діни сауат ашуға келген кішкентай шәкірттерді қабылдаған орталық «Ар-Рахман» мешітІнің наиб имамы Бағдат Шақаев оқыту барысындағы ата-аналар мен мешіттер арасындағы міндеттерді пысықтай келе, олардың қасиетті ілім үйрену жолына табыс тіледі.

Ұстаздар балаларды жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп, сабақ жүргізуде. Сонымен қатар, рухани сабақтар мен ойын-сауық шаралары да ұйымдастырылып, балаларға тәттілер мен бамұздақтар таратылуда.