БҚО: Әйел жамағаты арасында Құран жарысы өтті


Батыс Қазақстан облысы өкілдігіне қарасты «Ар-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында Құран жаттау және мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Игі шараның мақсаты – әйел жамағатының Құранға деген сүйіспеншілігін арттыру, жаттау мен дұрыс оқу деңгейін көтеру және діни сауаттылықты насихаттау болды.

Сайыс бірнеше санат бойынша өткізіліп, қатысушылар сүрелерді жатқа айту мен тәжуид ережелерін сақтап оқу бойынша сынға түсті. Қазылар алқасы үміткерлердің оқу мәнері, жаттау дұрыстығы және дауыс үйлесімділігіне назар аударды.

Сайыс соңында үздік деп танылған қатысушыларға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталып, барша қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

Іс-шараға қатысқан жамағат Құранға деген ынта-ниеттің артып келе жатқанын қуана жеткізді. «Ар-Рахман» мешіті алдағы уақытта да осындай рухани шараларды дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр.