Орал қаласының әкімдік ғимаратында алда келе жатқан қасиетті Құрбан айт мерекесіне қатысты дайындық жиыны болып өтті.
Басқосуға Орал қаласы әкімінің орынбасары Тапишев Аслан Нұрланұлы бастаған әкімдік қызметкерлері мен тиісті сала қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, құрбан айтқа жауапты дін қызметкерлері, СЭС, ТЖҚ мамандары, санитариялық қызмет мамандары мен полиция қызметкерлері бас қосты.
Жиынға ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат Қанатқалиұлы арнайы қатысып, құрбан шалу рәсімін шариғат талаптарына сай ұйымдастыру, қауіпсіздік және санитарлық шараларын сақтау және қайырымдылық шараларын үйлестіру мәселелерін ортаға салды.
Қала басшысының орынбасары мерекеге дайындықты жүйелі жүргізу қажеттігін атап өтті.
Жиын қорытындысында тиісті сала мамандарына әкімдік тарапынан нақты тапсырмалар беріліп, дайындық барысы қадағаланып отыратыны айтылды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі


