Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, ҚМДБ БҚО бойынша бас имамы Самат Қанатқалиұлының қолдауымен және белсенді жамағат мүшелерінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында футболдан достық жарыс өтті.
Бұл шара – Құрбан айттың рухына сай бірлік пен татулықты, бауырмалдық пен мейірімділікті дәріптеуге бағытталды. Жарыс барысында қатысушылар спорттық шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, өзара ынтымақ пен достықты арттыра түсті.
Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар арнайы марапаттармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Осындай игі шаралар жамағат арасындағы ауызбіршілік пен рухани байланысты нығайтуға үлкен сеп болары сөзсіз.
