Ораза айт — ұлық мереке

    Қасиетті Рамазан айының оразасын аяқтап, тойлату мейрамын түркі халықтары — Ораза айт деп атайды. Ораза айт мерекесінің арабша атауы – Ид аль-Фитр, оны «Рамазан мейрамы» депте атауға болады. Мұсылман күнтізбесінде ең маңызды екі күн бар, олардың бірі – дәл осы күн, бүкіл әлем мұсылмандары қасиетті Рамазан айының оразасының аяқталуын тойлайды. Бұл күні мұсылмандардың бір ай бойы ұстаған оразасы аяқталады. Бұл мерекенің тарихы 624 жылы Мұхаммед пайғамбарымыздың  (ﷺ) Мединада болған кезде  басталады.

   Исламда Ораза  айт мейрамының маңызы зор және Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) хадистерінде бірнеше рет айтылады. Мұса ибн Исмаил мен Хаммад ибн Хумайд Әнәстан жеткізген хадисте Мұхаммед пайғамбар Мәдинаға келген кезде мәдиналықтардың тек екі мерекені тойлағаны, оны ойынмен тойлағаны айтылады. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) олардан бұл күндердің қандай күндер екенін сұрағанда, олар бұл күндерді тойлау дәстүрі пұтқа табынушылық дәуірінен бері жалғасып келе жатқанын, содан кейін Мұхаммед пайғамбардың оларға Алла Тағала бұл күндерді әлдеқайда жақсырақ екі күн – Құрбан айт және Ораза айт күнімен алмастырғанын айтты, содан бері мұсылмандар осы екі мерекені тойлай бастады.

    Дәстүр бойынша Ораза айт мерекесі шәууәл айының бірінші күні тойланады. Мереке күні ораза ұстауға, мейлі ол қосымша ораза болсын, мейлі Рамазан айының парыз күндерінің қазасын өтеу болсын, қатаң тыйым салынады. Ораза  айт күні мұсылмандардың ай күнтізбесі бойынша бекітілгендіктен, әр жылдары әр түрлі күнтізбелік күндерге сәйкес келеді. Ораза  айт мерекесін тойлау дәстүрі мұсылмандардың осы күні бір-бірін: «Такаббал-Аллаһу минна уа минкум!» деп құттықтайды, қазақшаға аударғанда «Алла бізден де, сізден де қабыл етсін!» деген мағынаны білдіреді. Жамағат «Айт құтты болсын!» депте бір-бірін құттықтайды.

Ораза айт басталмас бұрын не істеу керек? Рамазан айы аяқталып , ораза айт намазынан бұрын пітір садақасын беру негізгі қажеттіліктерінен асатын мүлкі бар әрбір мұсылманға парыз. Кәмелетке толмаған мұсылмандар, соның ішінде кішкентай балалар үшін пітір садақасын ата-анасы немесе олардың қамқоршылары төлеуі керек. Пітір садақасы мұқтаж жандарға үлестіріледі, олардыңда қуанып  Ораза айт мерекесіне дастархан жайып тойлауына жағдай жасалады. Пітір садақасын Рамазан айының соңғы күн батқаннан уақытынан бастап, Шәууәл айының 1-і айт намазына дейін беру керек. Мүмкіндік болмаса  пітір садақасын Рамазан айының  соңғы күндерінде алдын ала беруге де болады.

Мұсылманның Рамазан айында Ораза айт мейрамындағы барлық игі істері Алла Тағала тарапынан еселеп есепке алынады, олар оның қарапайым күндердегі барлық істерінен маңыздырақ. Сондықтан жыл сайынғы зекет салығын төлеу фитр садақасының төленуімен сәйкес келеді.

Жәрир ибн Абдулладан жеткен хадисте  Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) бұл мерекеде садақа беруді бұйырған, өйткені «Рамазан оразасы жер мен көктің ортасында тоқтап тұрады. Пітір садақасы берілген кезде көтеріледі» .

Тағы бір халисте: «Алланың Елшісі Рамазан айында пітір садақасын әр бір азат мұсылманға, ер мен әйелге, үлкен мен кішіге бір сағ құрма немесе арпадан беруді міндеттеді.  Әрі оны адамдар айт намазына шықпас бұрын өтеуді әмір етті» — деп келеді.  Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) пітір садақасын айт намазы басталмай тұрып беруді бұйырды. Ер адам оны өзі үшін, әйелі мен балалары үшін, сондай-ақ егер бар болса, қызметшілері үшін төлейді. Бұл құрғақ азық-түлік өнімдері немесе ақшалай қаражаттардың баламалары болуы мүмкін. Садақа мұқтаж жандарға тікелей төленуі немесе Ораза айтына дейін белгіленген мерзімде мұқтаждарға пітір садақасын тарата алатын мешіттегі арнайы өкілдер арқылы беруге болады.

Ораза айт – әрбір мұсылман үшін қуанышты күн. Балалар бұл мерекені өте жақсы көреді: олар үшін түрлі ойындар ұйымдастырылады, ал көршілері мен туыстары әдетте тәттілермен тамақтандырып, сыйлықтар береді. Ораза айт – кедейлерге садақа берудің ең жақсы күні. Мұсылмандар үшін Ораза айт мейрамында мүміндер ораза тұтып, имандарын нығайтып, нәпсілерін тыныштандыратын, сондай-ақ мұқтаж жандарға көмектесіп, түрлі игі істерді атқаратын нұрлы Рамазан айымен қоштасу мағынасы бар.

    Ораза айт мерекесі күні оқылатын мерекелік намаз айт намазы деп аталады. Ол әдетте таңғы сағаттарда, күн шыққаннан кейін орын алады. Мешітте айт намазына қатысу әрбір мұсылман үшін маңызды оқиға болғандықтан, мұсылмандар мешітке барар алдында толық дәрет алу мұстахап амал, мерекелік таза киімдерін  немесе жаңа киім киіп келу ұнамды амалдардан. Мұсылмандарға үлгі болатын нәрсе – бұл күндері және жұма күндері Алла Елшісі (ﷺ) хош иіс себінуі. Мүміндер мешітке ерте, намаз басталмай тұрып, алдыңғы қатардан орын алуға тырысулары керек. Мешітке барар алдында тәтті нәрсе жеген дұрыс,  Мұхаммед пайғамбарымыз сияқты ауыз ашар күні құрма жеп шығу сүннет. Мұсылмандар  мерекелік намазды жамағатпен оқиды, намаз біткеннен кейін имам уағыз айтып, Алла Тағаладан оразаның қабыл болуын, мүміндердің күнәларының кешірілуін және оларға саулық жіберуін сұрап дұға етеді. Садақа беріліп, жамағат намазы оқылып болған соң, мұсылмандар мерекелік дастарханды жайып, бір-бірін құттықтап, бір-біріне сыйлық тарту етеді. Әсіресе, Ораза айт күндері отағасының әйелі мен бала-шағасына, туыстарына жасаған жомарттығы құпталады; бұл күндері мұсылмандар бір-біріне қонаққа барады және балалардың бірлескен ойын-сауықтарын ұйымдастырады.

Абдувалинова Жания Бақытқызы

«Ар — Рахман» мешітінің ұстазы