Облыстық Дін істері басқармасының қолдауымен, “Парасат” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында волейболдан облыстық ауыспалы кубок турнирі оздырылды. Аталмыш сайыста қала мен аудандардан 16 команда мен 100-ге жуық ойыншы бақтарын сынады. Нәтижесінде жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсеткен Шыңғырлау мешіті жамағаты 3-орынды иеленсе, Казталов ауданы құрамасы 2- орынды қанағат тұтты. Ал, Ақжайық мешіті құрамасы қарсыластарынан оқ бойы оза шауып турнирдің ауыспалы кубогіне ие болды. Турнирдің үздіктері мен жеңімпаз командалар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар және алғыс хатпен марапатталса, қатысушылар құрметіне шам намазынан соң «Ар — Рахман» мешітінде дастархан жайылды.
Мешіт — Алланың жердегі үйі болса, мешіт көркі жамағат екені аян. Бүгінгі таңда мешіт жамағаттарының ауызбіршілігі жылдан-жылға артып келеді.Оның бір көрінісі осындай сыйластық пен бауырмалдылыққа бағыттайтын ауқымды шаралар.
Осы турнирдің өтуіне бастамашы болған облыстық Дін істері басқармасына, “Парасат” қоғамдық бірлестігіне өз алғысымызды білдіреміз!



