Дін жанашыры Жәкебаев Мұрат Орынбайұлы Бәйтерек аудандық «Жұбан Молда» мешітіне су жаңа көлікті сыйға тартты.
«Сыйға берілген бұл көлік мешіт қызметінен бөлек, діни рәсімдерді өткізу үшін аудан,ауылға қатынайтын имамдардың жұмысын да біраз жеңілдетпек. Мешіт қызметкерлері еш қиналмастан ұлтымызға, асыл дінімізге аянбай қызмет етіп жүре берсін. Жақсылығымыз көп болсын!» деді, Мұрат мырза.
Осы бір қуанышты сәтке ортақ болған ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы С.Қ. Алибаев атымтай жомарт жанға шексіз ризашылығын білдіріп, кәсібіне береке тіледі. Өз кезегінде Бәйтерек ауданы, «Жұбан Молда» мешітінің бас имамы қызметін атқарып, құлшылық ордасының кем-кетігін жөндеп, шаруашылық қызметін қатар алып жүрген азамат Алмат Әмірұлы үлкен сауапты іске мұрындық болған азаматқа алғысын білдірді.