Мешіт ақсақалдарына құрмет көрсетілді

      Ережеп айының құрметіне орай Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Қанатқалиұлының ұйымдастыруымен мешіт ақсақалдарына арнайы дастархан жайылып, құлшылық ордасының қызметкерлері құрмет көрсетті. Сондай-ақ, бас имам Самат Қанатқалиұлы қарияларға арнайы сыйлықтар тарту етіп, құттықтау лебізін білдіріп, дініміздегі және дәстүріміздегі үлкендерді құрметтеудің сауабы мен әдебі турасында насихат айтты. Ақ дастархан басына жиналған қазыналы қарттар да өздерінің өнегелі әңгімелерін өрбітіп, тағылымға толы насихаттары мен ізгі ойларын ортаға салды.