Аталмыш жиынға Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан сынды мұсылман елдерінің дін өкілдері қатысты. Конференция Ресей мұсылмандары орталық діни басқармасының құрамындағы Астрахань аймақтық мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен және Астрахань облысының губернаторы әкімшілігінің қолдауымен өтуде.
Жиында бас қосқандар қоғамның қауіпсіздігі мен дәстүрлі Исламға байланысты қауіп-қатерлерге қарсы тұру бағытындағы мұсылман жамағаттарының өзара әрекеттесу перспективалары жөнінде талқылады. Жергілікті билік пен қоғамдық ұйымдардың, аймақтың мұсылман діни басқармаларының өзара әрекеттесуі аясында тәжірибе алмасты. Жиын нәтижесі бойынша «Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мұсылман жамағаттары үшін дәстүрлі Исламның ортақ құндылықтары және ұстанымдары жөнінде қоғамдағы исламофобияның туындауы мен радикалды көзқарастардың пайда болу қаупін төмендетуге бағытталған Миссионерлік саладағы Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің мұсылман діни көшбасшыларының ынтымақтастығы жөнінде» қаулы қабылданды.