Орал қаласы, «Ар – Рахман» мешітінде мешіттердің бас имамдары, наиб-имамдары, ұстаздары және мешіттің шаруашылық істеріне жауапты қызметкерлері үшін еңбекті қорғау, қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі тақырыбында маңызды кездесу өтті.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік инспекторы К.М. Жумагереев Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабы бойынша мемлекет әрбір жұмысшының қауіпсіз еңбек жағдайларында жұмыс істеуін қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл талап барлық ұйымдарда, оның ішінде мешіттерде де орындалуы тиіс. Мешіттерде құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізгенде қауіпсіздік талаптарын сақтау аса маңызды, өйткені адам өміріне төнетін қауіп ешқашан ескерусіз қалмауы керек.

Сонымен қатар, инспектор К.М. Жумагереев еңбек қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің бар екенін атап өтті. Қатысушылар қауіпсіздік талаптарының сақталуы мен шаралар туралы сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар берілді. Іс-шараның мақсаты — мешіттерде орын алып жатқан құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік талаптарын күшейту және бұл талаптарды дер кезінде орындау қажеттігін еске салу болды.
Сондай-ақ, БҚО Дін істері басқармасы мониторинг жəне ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Ж.А. Мукателов еңбек қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.