Медресеге шәкірттер қабылданды

Кеше Батыс Қазақстан облысындағы ҚМДБ-ның қарасты «Орал» медресе-колледжіге 2024-2025 оқу жылына жаңадан шәкірттерді қабылдау емтиханы болды.

Аталмыш медресеге оқуға түсуге биылғы жылы барлығы 27 талапкер өтініш беріп, құжаттарын тапсырды.

Алдымен ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат Қанатқалиұлы сөз алып, емтихан қабылдауға Астана қаласынан арнайы келген ҚМДБ-ның Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Ауесханұлы мен діни білім кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Жанабай Маратұлынтаныстырып, сөз тізгінің ұсынды.

Келген қабылдау комиссиясы үміткерлерді тест жүйесі бойынша Қазақстан тарихы, қазақ тілі пәндерінен тапсырса, ал арнайы пәндерден үміткерлер арасында сұхбат емтиханнан өткізді.

Емтихан нәтижесі бойынша 25 үміткерлер медресеге оқуға қабылданды.

«Орал» медресе- колледжіге ер балаларды имам хатиб мамандығы бойынша жаңа оқу жылына қабылдады. Медреседе барлық жағдай жасалған, компьютер сыныбымен жабдықталған. Жатақханасы бар. Оқу бағдарламасына діни пәндермен қатар гуманитарлық сабақтар да енгізілген. Шәкірттерге сапалы білім беретін ұстаздар мен тәрбиешілер қызмет атқарады. Медресе асханасында күніне үш мезгіл ыстық тамақ беріледі.

Алла Тағала ұрпақтарымызды байлық жинап жарысуда емес, ілім алуда жарысуын нәсіп еткей!

Баспасөз қызметі