Теректі ауданының орталығы Теректі ауылында «Имани жаз – 2024» жазғы сауат ашу лагері өтті.
Теректі аудандық мешіті мен «Аманат-Жайық» қоғамдық қоры ұйымдастырған жазғы лагерьге Теректі және Пойма ауылдарының бүлдіршіндері қатысты.
Балалар екі аптаның ішінде кәлимаға тілдерін келтіріп, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) салауат айту мен араб әріптерін үйренді. Ата-ананы құрметтеу, тамақтану, ұйықтау, сөйлеу, білім алу әдептерін үйреткен тәрбие сағаттарында білімдерін жетілдірді. Алла Тағаланың көркем есімдерін де жаттады. Лагерьге қатысушылар ұлттық ойындардан садақ пен асық атуды меңгеріп, Теректі аудандық музейін тамашалады.
Лагерьдің соңғы күні білім сайысы ұйымдастырылып, балалар түрлі сұрақтарға жауап берді.
Жеңімпаздар ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Теректі аудандық мешітінің баспасөз қызметі