Алла Тағала періштелер мен жындарды жаратқаннан кейін ол жаратылыстан бөлек Адам атаны (ғаләйһиссалам) жаратты. Адам атаны (ғалейһиссалам) жаратқаннан кейін бұл өмірді біздер үшін сынақ ретінде берді. Яғни, бұл өмір біздерге сынақ екендігін баршамыз айдан анық білеміз. Періштеден біздің айырмашылығымыз нәпсімізді тыюда болатын, егер біздер нәпсімізді тыялсақ Алла Тағала біздерге сол нәпсімізді тыйғанымыз үшін үлкен жәннаттан орындар нәсіп етеді және осымен біздерді қуантады және сүйіншілейді. Ал егер нәпсімізді тыймай өз нәпсіміздің жетегінде кететін болсақ, онда біздерді тозақтағы орнымызбен ескерту жасайды, өйткені Аллаһ Тағала біздерді ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, күнә мен сауапты, барлық нәрсені ажырата алатын ақыл парасат иесі қылып жаратты және сол сияқты осыларды таңдау жолында ерік беріп қойды, ақылмен қоса біздерге өзінің мейірімен, махаббатымен қияметке дейін тура жолға негіз болатын үгіттейтін көшбасшы болатын пайғамбарлар жіберіп отырды. Ол пайғамбарлар біздерге не нәрсенің сауап екендігін, не нәрсенің күнә екендігінің, қандай амал жасасаң Алла тағалаға жақындайтыныңды, қандай амалмен Алланың мейрімінен алыстайтындығымызды, жәннәти амалдарды айдан анық ретінде көрсетіп берді. Біз сауап амалдарды жасаған сайын иманымыз қуаттанады бекемдей түседі. Ал күнә амалдарды орындаған сайын біздің иманымыз әлсіреп, Аллаһ Тағаланың назарынан алыстай бастайды екенбіз. Жалпы сауап дегеніміз деген не нәрсе – сауап дегеніміз Алла Тағала біздерге бұйырған жақсы қандай амалдардың барлығы сол сауап амал болады. Айтылған сөздер, айтылу керек болған әрбір сөздер , сендер сондай үмбет болдыңдар, жақсылыққа бастайтын, жамандықтан тыятын осы жақсы сөзді айтатынымыз әрбірі сауап және жақсы іс-әрекеттерді жасау, біреулерге қол ұшын беру Аллаһ Тағаланың бұйырған әмірлерін орындау барлығы сауап амалдары болып есептеледі. Жалпы мұсылманның іс-әрекеті амалы мен ниеті қандай тамаша. Егер мұсылман қандайда бір сауапқа ниет ететін болса, егер оны орындай алмаған болса Алла Тағала оған сол ниеті үшін оған бір сауап жазып қояды екен. Ал егер орындайтын болса оннан жеті жүз есеге дейін арттырып береді. Ал егер бір күнәлі іске ниет ететін болсақ және оны Алла тағаладан қорқып жасамайтын болсақ, одан бастартатын болсақ, Алла Тағала сол бастартқандығымыз үшін бір сауап жазады екен. Ал егер пендешілікке салынып, шайтанның азғындығына түсіп, ол амалды орындап қойсақ, онда сол амал үшін бізге бір күнә жазады екен, бұл да Алла Тағаланың мейірімі. Бірақ сондай амалды орындап жатқанда біз сезінуіміз керек, Алла Тағала пенделерін қызғанады екен. Не үшін қызғанады, харам еткен нәрселерін орындап жатқан кезде шайтаннан қызғанады екен Алла Тағала. Мәселен біздердің әр-қайсымыздың сүйетін жарымыздың алыстан туысқаны болуы мүмкін, жақыны болуы мүмкін көшеде алыстан бір еркекпен сөйлесіп тұрғанын байқап қалдыңыз сіздің қызғанышыңыз қандай болады, ашуыңыз басыңызға шабады. Біз пенде бола тұра сондай қызғанышқа баратын болсақ, ал Алла Тағаланы алайықшы, Алла Тағаланы жақсы көреміз, Алла Тағаланы сүйеміз деп отырып біз сондай күнәлі іске барып жатсақ, біз сол күнәлі істі жасап жатқан кезде Алла Тағал біздерді шайтаннан қызғанады екен. Мен тұрған кезде мендей дос тұрған кезде қалайша сендер шайтанды дос тұттыңдар оның әулетін деп біздерге «Кәһф» сүресінде ескерту етпейме?. Сондықтан сауап іске байланысты айтатын сөздің тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, Абдулла ибн Аббас ( Алла оған разы болсын) айтады: Сауап амал пенденің жүзін жарық қылады жүрегін нұрландырады, денсаулығына күш- қуат береді, ризығын молайтады- дейді. Ал күнәлі істер пенденің жүзін қарайтып тастайды, жүрегін құлыптап тастайды және сол сияқты ризығын кемейтіп күш-қуатын алып қояды денсаулығына зарар береді-дейді. Егер біздің денсаулығымыз болмай жатса жүрегіміз қатайып жатқан болса ешқандай ісіміз оңға баспай жатса онда өзіміздің жасап жүрген амалдарымызға бір назар салуымыз керек екен. Өйткені, сол амалдарымыз біздің жүрегімізді құлыптап, күш-қуатымызды алып денсаулығымызға зарар беріп, ризық несібемізді тарылтып тастайды екен. Бұны жай адам Пайғамбарымыздан ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кейін бірнеше ғасыр өткеннен кейін айтып жатқан ғұламалардың сөзі емес, Пайғамбарымыздың ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзін тікелей көріп, Пайғамбарымыздан ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ілім алып, құранның әрбір әріпіне зер салып оқыған Абдулла ибн Аббастай ( Алла оған разы болсын) кісі айтып жатыр. Олардың әрбір айтқан сөздері біздер үшін шынымен де құжат болмақ. Алла Тағала баршамызды жақсы амалмен сүйіншілеп, сол жақсы амалға бағыттасын, ешқашан шайтанның азғындауына түсіп қалмайық ағайын. Егер біз қандайда бір жақсы амал жасайтын болсақ, Алла Тағала жақсы амалымыз арқылы біздің өткен күнәларымызды кешіреді екен. Бұған байланысты құранда бірнеше аяттар бар.
مَنْ جَاءَ بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ عَشْرُ أَمْثَالِهَا وَ مَنْ جَاءَ بِالسَّيَّئَةِ فَلَا يُجْزَى إلّاَ مِثْلَهَاوَهُمْ لاَ يُظْلَمُونَ
«Кімде-кім (қиямет күні) жақсылықпен келсе, оған он мысалындай (сый болады). Ал кімде –кім жамандықпен келсе, ол тек соның мысалындай ғана жаза тартып, еш қиянат шекпейді» ( Әнғам сүресі, 160- аят)
Жақсылық жасауымыз арқылы Алла Тағала біздердің күнәларымызды кешіріп қояды екен. Сондықтан сауап амалдарымызды көп жасауымызға тырысуымыз керек. Пайғамбарымыз ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде айтады: пенде өзінің жасап жатқан амалында егер ол амал күнә болатын болса күнә кішкентайлығына қарамасын Алла Тағаланың сол кішкентай күнә дә Алла Тағаланың азабы жатқаны болуы мүмкін, біз білмейміз сол сияқты бір сауап істі жасап жатқан кезде сол жасайын деп жатқан істің кішкентайлығына қарамасын, өйткені сол кішкентай сауапта Алланың мейрімі жатқан болуы мүмкін. Көшеде кетіп бара жатырсыз байқап қалдыңыз біреу машинасын бұзып алған кішкене демеп жіберуге шақырып жатыр, қоя салайыншы онысында сауап амалым көп қой десеңіз, бәлкім сол амалда Алла Тағала сізге жәннәттің есігін ашып қоюы мүмкін, яғни қандайда бір амалға кезігіп жатсаңыз оның кішкентайлығына қарамай шын жүректен Алла Тағаладан сол кішкентайлығына қарамай сауап үшін үлкен амалды үміт ете отырып Алла Тағалаға жалбарынып сол сауап амалдарды жасап отыруымыз керек екен.
Егер адам күпір мен ширктен бас тартып, иман келтіретін болса және ізгі амал жасаса, оның күнәларын кешіріп, жамандықтары жақсылықтармен ауыстырылып, сауабы арта түспек. Бұған қатысты аятта былай дейді:
إنَّ الْحَسَنَاتِ يُذْهِبْنَ السَّيَّئَاتِ ذَلِكَ ذِكْرَى لِلذَّاكِرِينَ
« Шындығында жақсы істер жаман істерді кетіреді. Бұл үгіт алушылар үшін (таптырмас) үгіт» ( Һуд сүресі, 114-аят)
Ал енді күнә дегеніміз не? Күнә дегеніміз Алла Тағала бізге тыйым салған әрбір амалдар, тыйым салған әрбір сөздер, әрбір іс-әрекеттер, Алла ұнатпайтын әрбір дүние күнә болып есептеледі. Бұның жазасы ретінде Алла Тағала біздерге тозақпен ескерту жасады. Егер біз нәпсімізді тыйып, күнәлі істерде тыйылатын болсақ, күнәдан сақтанатын болсақ, онда біз нәпіл ғибадаттан да жоғары сауап алады екенбіз. Өйткені нәпіл ғибадат парыз емес, ал күнәлі істерден сақтану ол парыз амалдары болып есептеледі. Пенде күнәлі амалдарды, күнәлі істерді өзінің дене мүшесімен жасайды.
1. Жүрекпен жасалатын күнә бар, бұл Алла Тағалаға серік қосу, күпірлік ету осының барлығы жүрекпен жасалатын күнә болып есептеледі. Расында Алла Тағала жүректегіні біледі дейді ғой, біз жүрегімізге не жасырған болсақ, Алла Тағала оны күнә ретінде жазады. Жүрегімізде жақсылық па, жамандық па, күпір ме иман ба, қайсысы екенін Алла Тағала өзінің ілімімен біледі.
2. Тілмен жасалатын күнә, ғайбат айтамыз, біреуді балағаттаймыз, тіл тигіземіз, боғауыз айтамыз осының барлығы тілмен жасалатын күнә болып есептеледі.
3. Ауызбен жасалатын күнә, өсім жеу, жетімнің мал мүлкіне қол салу, харам еткен Алла тағаланың әрбір нәрселерін жеу оның барлығы ауызбен жасалатын күнәлар болып есептеледі.
4. Қолмен жасалатын күнә біреуге зорлық көрсету, нақақтан нақақ біреуді өлтіру, ұрлық жасау осының барлығы қолмен жасалатын күнә.
5. Ұятты жер арқылы жасалатын күнә, зина жасау.
6. Аяқпен жасалатын күнәлар бар, жаман орындарға бару, Отанды қорғауда жүрексіздік танытып соғыстан қашу ол үлкен күнәларға жатады.
7. Көзбен жасалатын күнә, біреудің әурет жеріне қарау, бөгде әйелге сұқтанып қарау.
8. Құлақпен жасалатын күнә жаман сөздерді есту, ғайбат тыңдау, осының бәрі құлақпен жасалатын күнә болып есептеледі.
Керек десеңіз оймен де жасалатын күнәлар бар екен, өйткені Алла тағала « Хужрат» сүресінде айтады, « Уа иман келтіргендер көп жаман ойлардан сақтаныңдар, өйткені кейбір жаман ойлар күнә болады», дейді. Яғни, біреулерге жамандық ойлау, нақақтан нақақ әрбір нәрсеге жаман баға беріп, жаман ой жүгіртудің өзі күнә екенін, одан сақтану керектігін Алла тағала біздерге ескертеді. Күнәлі амалдарды, күнәлі істерді, үлкен күнәларды Пайғамбарымыз ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тайға таңба басқандай біздерге баяндап берген. Алла тағалаға серік қосу, сиқыр жасау, жалпы нақақтан нақақ адам өлтіру, ата-анаға бағынбау, арлы әйелге зина жаласын жабу және сол сияқты Алла Тағала харам еткен аймаққа Харам мешітінде іс-әрекеттерді халал деп оны орындау, пайыз жеу, өсім жеу, осының барлығын Алла Тағала үлкен күнәларға жатқызатындығын Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) арқылы біздерге баяндап берген . Алайда кейбір ғұламалар аяттағы және Пайғамбарымыз ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кейбір хадистеріне сүйеніп үлкен күнәлардың санын артырып біздерге көрсеткен соның бірі Хижри 748- жылы дүниеден өткен Хафиз имам Зәһаби өзінің «Китабу әл-Кәбайр» атты еңбегінде үлкен күнәлардың санын 70- деп көрсетсе, ал Әбу Хажар әл-Хайтами» өзінің еңбегінде үлкен күнәларды 467- ге жеткізген. Яғни күнімізде өзіміз жеңіл күнә ретінде санайтын күнәлардың барлығын бұл ғұлама кісілеріміз үлкен күнәлардың қатарына жатқызған. Қорыта айтсақ, күнәнің кішкентайлығына қарама, онда Алла Тағаланың азабы жатуы мүмкін деген ұстанымды ұстанатын болсақ, біздер үшін жүрегі таза Алла Тағалаға ғашық адам үшін кішкентай күнәнің өзі үлкен болып есептелуі тиіс. Сонда ғана иманымыздың дәрежесін өз-өзімізге баға беріп, анализ жасай алады екенбіз. Кішкентай күнә сізге жеккөрінішті болып көрініп тұрса, онда сіздің иманыныңыз бекем деген сөз. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеден өткеннен кейін сахабалардың көзін көрген табиғиндерден болған Муғаз ибн Яқия айтқан екен байғұс адам баласы тозақтан кедейліктен қорқатындай қорқатын болса, онда екеуіне де қол жеткізетін еді деген, яғни кедейліктенде сақтанады және тозақтан да сақтанады деп айтқан екен. Сол сияқты байлыққа ұмтылғандай жәннатқа ұмтылғанда ғой екеуіне де қол жеткізер еді деген, байлыққа да қол жеткізеді және жәннатқа да қол жеткізеді деген екен. Сондықтан біз жәннатқа байлыққа ұмтылғандай ұмтылуымыз керек екен, ал тозақтан кедейліктен қашқандай қашуымыз керек екен. Күнәлі істерден сақтану үшін үнемі дұғада болуымыз керек.
Дінтанушу, теология ғылымының магистірі,
Жалпақтал мешітінің бас имамы : Тілек қажы НҰРАЛИЕВ