Медресе түлектері диплом алды

Шын мәнінде білім – біздердің қателіктерімізді түзеуге, бағытымызды нақтылауға, білім иелерімен бәсекеге түсуге, ең бастысы Алладан шынайы қорқуға алып келеді.

Адамзаттың ұстазы болған Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) білім алуға байланысты көптеген хадистер айтып кеткен. Солардың бірі «Білімді бесіктен көрге дейін ізденіңдер» десе, тағы бір хадисте «Білім іздену барлық мұсылманға парыз» деген. Мұндай хадистерді ұғынған кез келген мұсылман үшін білім ізденуге қашанда құштары артары анық.

Кеше «Орал медресе-колледжінің шәкірттері 3 жылдық оқуын аяқтап, дипломдарын қолдарына алып, маман атанды. 2024 жылғы түлектердің 6-ы қызыл, 12-і көк дипломға қол жеткізді.

Студенттерге дипломды ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат Алибаев, Орал медресе-колледжінің директоры Талғат Искалиев пен Мысырлық ұстаз Мұхаммед Сайд Абделғани табыстады. Медресенің он төртінші түлектері атанған шәкірттерге ұстаздар сәттілік тілеп, ілім деген аманатты жүктеді.

12 шәкірт қала, аудан, ауыл мешіттерінде қызмет жасаса, 6 шәкірт «Нұр-Мүбарак» университеті мен «Хусамуддин ас-Сығанақи» институтына түсуді жоспарлап отыр.

Нұрлан Саматұлы