Дәретханада келуші жамағат үшін заман талаптарына сай барлық жағдай жасалған.
Күрделі жөндеуден соң пайдалануға берілген дәретхана нысанын ҚМДБ-ның БҚО бойынша Бас имамы Самат Қанатқалиұлы арнайы көріп шықты.
«Ислам – тазалықтан басталады. Мешітке келген әр адамның құлшылық үйіне дәретпен келуі де маңызды. Осы ретте заманауи дәретхана жамағатқа қызмет көрсетіп жатыр» дейді облыс имамы Самат Алибаев.
Демеуші болған иманды, кәсіпкер азаматтарға Алла разы болып, отбастарына амандық, жұмыстарына береке берсін!
Баспасөз қызметі