Салт-дәстүр бір халықтың діні мен наным сенімі және де тұрмыс тіршілігіне байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып келе жатқан ұлы үрдіс.
Бабаларымыз бізге өнегелі тәрбие мен әдеп нормаларына сай салт-дәстүрді дәріптеп, дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып бізге мұра етіп қалдырған.
Дін мен дәстүр – қашанда
бір-бірімен сабақтас ұғым.
Қазақ халқы шамамен 1250 жылдан бері Ислам дінін ұстанған және салт-дәстүрінің көбі исламнан бастау алады мысалы:
Балаға азан шақырып ат қою;
Баланы сүндетке отырғызу;
Құрбан айт,ораза айт мейрамдары;
Өлілерге арнап құрбандық шалу,;
Пітір беру,садақа беру осы секілді көптеген
салт-дәстүрлеріміз ислам дінінен бастау алады.
Қарап тұрсақ көптеген халықтардың ішінде қазақ халқының өмір сүру үрдісі ислам дініне өте жақын мәселен: баламыз дүниеге келсе молдаға апарып ат қойдырамыз, есейгенде сүндетке отырғызамыз, кейін ер жеткен шағында, теңін тауып уйленген кезінде ислам шариғатына сәйкес некесін қидырып жатамыз, дәм тұзы біткен соң мұсылманға сай пәктеніп,жаназа намазы оқылып, халықтың елдің кешірімін алып, соңғы сапары да мұсылманша атқарылады. Ослайша мұсылмандық өмір сүріп келе жатқан көптеген аға әпкелеріміздің кәзіргі таңда кейбіреулері дұрыс жол ұстанып,аузынан Алласын тастамайтын,жас буынға арабқұл болып кеткен деп айтып жатады.Ұзақ жылдар бойы исламды серік еткен ата-бабаларымыз араб болды ма ?
Әрине жоқ, осы сөзді айтып жүрген адамдар ең бірінші Алланың дініне екінші ата-баба аруағына тіл тейгізді деуге болады. Сол себепті асыл дініміз бен салттық құндылықтарымызды дәріптеу сізбен біздің міндетіміз.
Азамат Қанатұлы, Бөрлі аудандық мешітінің наиб имамы
Қанатұлы Азамат