Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім ораза ұстаушының аузын аштырса, ораза ұстаған адамның сауабындай сауапқа ие болады», – деген екен.
Мұсылман адам әрқашан ізгі амалдың сауабы ең көбін істеуге тырысатыны анық. Ауызашар дастарқанын жаюға ең лайықты адамдар – білім жолында жүрген студенттер екені айтпаса да түсінікті шығар.
Жыл бойы, әсіресе, Рамазан айында түрлі қайырымдылық шараларға бастамашы болып жүрген Ар-Рахман облыстық «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдері осыны ескере келе Орал қаласының М.Өтемісұлы атындағы университетінің Студенттер үйінің студенттерінеарнап Ауызашар себеттерін, яғни, кешкі ас пен жеміс-жидектер апарып берді. Сондай-ақ, тұтқан оразаларының қабыл болуын тілеп, жастарға білімнің маңыздылығын ескертіп, уақыттың қадірін білуге шақырды.
Өз кезегінде студенттер де разылықтарын білдіріп, қайырымдылық жаршыларына алғыстарын айтты.
Баспасөз қызметі