ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ БАС ИМАМ САҒАТЫ ӨТТІ


Жақында облыстық «Ар-Рахман» мешітінде Бас имам сағаты жүргізілді. Жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Самат Алибаев уағыз айтып, көпшіліктің көкейкесті сауалдарына жауап берді.

«Рамазан айының артықшылығы » тақырыбында салиқалы насихат айтып, жамағаттың асыл дінімізге қатысты сұрақтарына да тоқталып өтті.

Бас имам: «Алла Тағала Өзінің қалауымен ораза құлшылығы үшін жыл-он екі айдың ішінен рамазан айын таңдаған екен. Олай болса, осынау таңдаулы айдың өзіне тән артықшылықтары да бар. Хақ Тағала ерекше айдағы ғибадатты бұлжытпай орындаған құлдарының мәртебесін де ерекше биіктетіп, мерейін асыруға уәде еткен» – дей отырып рамазан айын бос өткізіп алмауға шақырды.
Баспасөз қызметі