Биылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, елімізде Әз- Наурыздың онкүндігін жариялаған болатын, әр күнді ерекше атап өтуге басымдылық берді.
Жалпақталда Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» халықтық мерекені атап өтуге арналған онкүндік өткізу дәстүрге айналған, әр күні бір көше киіз үй тігіп, белгілі бір тақырып аясында өткізеді.
Бүгінгі күн 16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні деп аталады.
Осы шараны Жалпақтал өнер мектебі ұжымы мен Жалпақтал мешіті кең форматта мәдениет үінің алдында атап өтті.
Киіз үй ішінде «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Сүйінші сұрау» және күй тарту сынды ғұрыптарынан музыкалық-театрландырылған көріністер қойылды.
Мақсатымыз халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғы, наным-сенімін, халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, төл мәдениетіміздің алтын арқауы, ұлттық ұстанымын насихаттау.
Қазақтың құндылығы салт-дәстүрінде, асыл қазынамызды қайта жаңғырту, жас ұрпақтың бойына сіңіру, ұлт құндылығын насихаттау.
Осындай рухани шаралар өз жалғасын табуда.
ЖАЛПАҚТАЛ МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ