ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен Батыс Қазақстан облысы бойынша мешіттерде ауызашар ұйымдастырылуда.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Самат Қанатқали ұлының ұйытқы болуымен, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен және жамағатымыздың демеуімен қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап Ар-Рахман орталық мешітінде тұрақты түрде 400-ге жуық жамағатқа ал, қалалық мешіттерде 200-ден астам болса, аудандарда 100 болса, ауылдық мешіттерде елуге жуық жамағатқа ауызашар берілуде.
Келген жамағаттарды орталық мешіттің кезекші наиб имамдары жылы шыраймен қарсы алып, имандылық, ізгілік, мейірім тақырыбында уағыздар айтылуда.
Баспасөз қызметі