«РАМАЗАНДА ІШІМДІК САТПАЙЫҚ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚМДБ- ның бастамасын қолдай отырып, қасиетті Рамазан айының басталуына орай Батыс Қазақстан облысы Жалпақтал мешіті қасиетті Рамазан айында ішімдік атаулыны сатпау және оны мүлде тұтынбау туралы ауданның барлық ауылдарының сауда дүкендеріне ҮНДЕУ таратты. Жергілікті кәсіпкерлер бұл бастаманы шынайы ықыласпен қолдады. Жалпақтал мешітінің бас имамы, дінтанушы, теология ғылымының магистірі, Тілек қажы Ахмеджанұлы Жалпақтал Супермаркет және азық-түлік сататын дүкендерге барып осы айдың қадір қасиетін түсіндіріп, үгіт-насихат айтып, харам нәрселерді сатудан бас тартуға арналған бастамаларын жеткізді. Біздің абыз бабаларымыз ақылман даналарымыз: «Арақ – атаңнан қалған ас емес», «Арақпен достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым де», «Қызың арақ ішсе – қызығыңның кеткені, ұлың арақ ішсе – ырсыңның кеткені», деп ұрпақтарына аманатын тәлімді ұлағат қалдырғандығын біз бір сәтке де ұмытпауымыз керек, ағайын! Әсілі,- арақтың адам баласының дүниесі мен ақыретіне келтіретін зияндары өте көп, қаншама отбасы ішімдіктен бұзылып жатыр. Сондықтан халқымыз ішімдік атаулыдан мейлінше аулақ болса – дейміз. Рамазан айында арақ- шарап сатуды тоқтату туралы үндеуімізге ауыл тұрғындары тарапынан қолдау тауып отыр».
Жалпақтал мешітінің ігі бастамасын халықтан қолдау тауып, өңірдің аудан, ауылдарында арақ-шарап сатуды тоқтатқан дүкендер саны көбейіп келеді. Рамазан айы уақытында жергілікті кәсіпкерлер арақ- шарап саудаламай, қасиетті айдың құрметіне жоқ жетікке қайрымдылық жасап, мұқтаждарға көмектесу, иманды азаматтардың нышаны.
ЖАЛПАҚТАЛ МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ