Қасиетті Рамазан айының қарсаңында облыс әкімі Нариман Төреғалиев “Ар-Рахман” мешітіне арнайы келіп, көпшілік қауымды ұлық аймен құттықтап, ақ тілегін жеткізді.
«Қасиетті Рамазан айы бізге жылына бір мәрте келетін қонақ іспетті. Егер біз оны қадір тұтып, құрметтей білсек, біздің де екі өмірде құрметке бөленуімізге себепші болады. Бұл қасиетті Рамазан айына жеткен де, жетпеген де бар. Қасиетті айға жеткенімізді әрқайсымыз Алланың бізге берген үлкен нығметі деп түсініп, оны ең көркем түрде өткізуге тырысайық. Рақым айы – Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай!» деді бас имам Самат Қанатқалиұлы.
Бас имам жамағатқа тарауық намазын өткізетін Әлемдік Сауд Арабиясы Корольдігінде, Мысыр елінде, Қырғызстанда өткен Құран жарыстарының жүлдегері
ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен өткен ХI Республикалық Құран жарысының Бас жүлдегері
Бейбітұлы Иманәлі қариды таныстырды.
Діни басқарманың рұқсатымен Ақжайық өңірі бойынша 17 қари келді.
Қарилар облыс, қала, аудан , ауыл мешіттерінде құран-хатым оқиды.
Сонымен қатар еліміздің игілігі үшін арнайы дұға жасады.
Баспасөз қызметі