Такси тегін қызмет көрсетеді

Қасиетті Рамазан айы келіп жет­келі республикамыздың барлық өңір­ле­ріндегі мешіттерде түрлі шаралар ұй­ымдастырылып, қызметтер көр­с­е­ті­ле бастады. Соның бірі – тегін такси қызметі.ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ар-Рахман» мешіті де тегін такси қызметін халыққа ұсынды. Бұл қызмет аясында мешітке тарауих намазына қатысушы жамағаттар, мешітке аяқ басқан тұрғындар таксимен үйлеріне тегін жеткізілуде. Бұл қызметке барлық қалалық ме­шіттер атсалысты. Жақсы істің ба­сында жүріп, халыққа Рамазан айы­ның келуін осылайша сезіндірген өкіл­дік ұжымына жамағат та дән риза бо­лып, алғыстарын жеткізуде.

Баспасөз қызметі