Балалар қуанған күн

ҚМДБ-ның бастамасымен “Ислам және дәстүр құндылығы жылы аясында Ақжайық өңірінің имамдары жас бүлдіршіндердің жексенбі күндерін қызықты өткізуге арнап тәттілер сыйлап, табиғат аясына шығып, аттарға мінгізіп, көңілдеріне қуаныш сыйлады.

Баланың күлкісі – бәрінен қымбат. Оларға жыл он екі ай қуаныш сыйласаң да артық етпейді.

«Игі істің басына, жақсы келер қасына» демекші, халқына қуаныш сыйлап, жақсылық жасап жүрген имамдар баршылық. Солардың бірі Ар-Рахман мешітінің бас имамы Самат Алибаевтың бастамасымен балаларға тәттілерден беріліп, ізгі қоғамның білімді, озат балалары болуға шақырды.
Қуанған жас балалар дін қызметкерлеріне дән риза болып, балдай тәтті тілектерін білдірді.

Баспасөз қызметі