Алланың пендесіне берер ең үлкен нығметі-иман байлығы. Себебі иман сөзінің түбінде Алланы шынайы жүрекпен сүйген пенденің амалдары жатыр. Иман – адам өмірінің қиындықтарын жеңілдетіп, шаттыққа бөлеп, қоқыныштан, қараңғылықтан жарыққа шығарар ерекше күш. Қоршаған ортаға иман көзімен қараған адам Алланың әрбір жаратылысынан ғибрат алары сөзсіз. Тіпті науқастанған болса, ол да бір Алланың сынағы деп түсініп, шағымданып, Раббысына нарызылық танытпасы хақ.
Жәбірейіл періште (а.с.) адам кейіпінде келіп Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тізесін тигізіп, сұхбаттасқандығы туралы мәшһүр хадисте Ихсан туралы сұрайды. Сонда жауап береді Мұхаммед Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)
Ихсан дегеніміз – «Алланы көріп тұрғандай немесе Алла сені көріп тұрғандай хәлде болу» – деп жауап береді. Яғни, Жаратушыны танудың бірінші шарты: Алла ішкі жан-дүниемді көріп тұр деп, тақуалықты ұстанып, әрбір ісінде ықыласты болу.
Адамға бұйырылған бес парыз:
Аллаға иман келтіру. Намаз оқу. Ораза ұстау. Зекет беру. Қажылық өтеу. Осы парыздарға жеке-жеке тоқталып өтер болсақ.
Бірінші -Иман келтіру. Лә иләһә илаллаһ,Мұхаммедүр расулулаллаһ. Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ Мұхаммед оның елшісі деп тілмен айтып, жүрекпен бекіту. Шынайы сену.
Екінші -Намаз оқу. Алла Тағала құлына әр күннің белгіленген бес уақытында қаза қылмай намаз оқуды бұйырған.
Үшінші -Ораза ұстау. Әр жылы Рамазан айы келгенде ауыз бекітіп астан, жаман істерден тыйылып Алла разылығы үшін бір ай ораза ұстау.
Төртінші-Зекет беру. Байлығының белгілі бір мөлшерінен жылына бір рет қаржылай немесе мал-мүліктей зекет беру.
Бесінші -Қажылық өтеу. Байлығы Құранда белгіленген мөлшерге жеткен әрбір жанның Қасиетті Мекке жеріне өмірінде бір рет болса да үлкен қажылық рәсімін жасау.
Осы аталған Раббымыздың пендесіне бұйырған парыздарын шынайы ықыласпен толық орындағанда ғана Алланы тануы бойынан көрініс табады. Ал осы парыздарды жоққа шығарып, мойындамаған пендесіне Жаратушымыз Қасиетті Құранда:”Жаратушысының сөзін жоққа шығарғандарға күйзелтуші азап әзірледік”- деп, ескерту жасаған. “Аллаға сендім”-деп бірақ парыздарын орындамай жүрген адамдар
Абай атамыз: “Алла деген сөз жеңіл, бірақ Аллаға ол жол емес” -дегеніндей Аллаға деген иман тек тілде болмауы керек.
“Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас нәрсе ешқашан жалған болмас” -деп тағы бір сөзінде Абай атамыз келтіргеніндей Расты танып, Оған шынайы ықыласпен құлшылық етіп, құлшылығы қабыл болған пенделерінің қатарынан болуды жазғай. Әмин.
Жомарт Лұқпанов,
Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы