Жақында ҚМДБ-ның бастамасымен ізгі қоғам бөлімі аясында Ар-Рахман мешітінде “ Әйел және ізгі қоғам” атты тақырыбында әйел-қыздар аясында семинар болып өтті.
Семинарды аталмыш мешітінің ұстазы Арухан Акимова жүргізді. Ұстаз отбасындағы әйелдің орны, қоғамдағы әйел орны тақырыптарын да сөз қозғады. Өз кезегінде жамағатты бұрынғы дана аналарымыздың орнын басар ұрпақ біз екенімізді айтып, сондықтан барынша қандай жағдай болсада сол даналықты көрсете білуге шақырды.
Семинарға жиналғандар толғандырған сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды.
Баспасөз қызметі