Жақында Орал қалалық кітапханада “ Дін және қоғам” тақырыбында рухани шара болды.
Шараға “ Ар-Рахман” облыстық мешітінің наиб имам Бағдат Шақаев, мектеп пен колледжінің ұстаздары мен шәкірттері қатысты.
Алдымен облыстық орталық мешітінің наиб имамы Бағдат Русланұлы сөз алып, жиналғандарға асыл дініміз турасында түсіндіріп, білімді, тәрбиелі болуға шақырды.
Шәкірттер дін маманына толғандырған сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Осындай игі шаралар өз жалғасын табуда.
Баспасөз қызметі