Кеше «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жоспары аясында “Жастардың діни танымына интернеттің, әлеуметтік желілердің әсері” тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу қонағы Облыстық Ар-Рахман мешітінің наиб имамы Наурыз Ибатұлы болды.
Бүгін ақпараттық технологиялар мен ғаламтордың дамыған заманы. Адамдар өздеріне қажетті ақпараттың бәрін интернет желісінен алуға тырысады. Бірақ кейде сол интернеттен алған мәліметтің қайсысы дұрыс, қайсысы дұрыс емес екенін, біріміз білсек біріміз білмей жатамыз. Білместікпен теріс ақпараттарға ілініп қателесіп жатырғандарда жеткілікті.
Қазіргі уақытта көпшілік әсіресе жастар діни білім мен ақпараттарды кітаптармен ұстаздардан емес, ғаламтор арқылы алуға көптеп жүгінеді. Дін өте күрделе де нәзік мәселе сондықтан діни сұрақтарды дін мамандарынан алған дұрыс.
Осы орайда бүгін бізде қонаққа Наурыз Ибатұлы келіп студенттерге толық ақпарат берді.
Сонымен қатар білім ұстаздан, ұстаз тақта алдында тұрып түсіндіреді, оқушы партада отырып тыңдайды, ал ғаламтордың арғы бетінде кім отырғанын ешкім білмейді деп мысал келтіріп ілім -білім ұстазбен кітапта екенін түсіндірді. Ғаламтордан білім алу үшін рұқсат етілген ресми сайттарды да білген жөн. Соның бірі «Azan.kz» деген ресми сайтты атап айтты.
Студенттер маманға дұрыс сұрақтар қойып жауаптарын алды.
Кездесу маңызды және қызықты өтті.
Баспсөз қызметі